Мәулен Әшімбаев "Азаттық радиосы" * төңірегіндегі дауға түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневМәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
Қазақстанда сөз бостандығы шектелмеген, дейді Әшімбаев
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Парламент сенатының спикері Мәулен Әшімбаев "Азаттық радиосы" ("Азаттық радиосының"*Қазақстандағы филиалы – Ресейде иноагент) журналистерін аккредитациядан өткізбеу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Азаттық радиосының"* кейбір журналисіне аккредитация берілмеу мәселесіне байланысты сыртқы істер министрлігінің нақты позициясы бар. Олар аккредитация кезінде кейбір журналистерді өткізбеді. Сыртқы істер министрлігінің бұл жердегі шешімі – осы бұқаралық ақпарат құралының және оның редакциясы мен журналистерінің Қазақстан заңнамасын бұзуына және тиісті ережені бұзуына байланысты қабылданды", - деді Әшімбаев сенат кулуарында.
Спикер қандай да бір сұрақтар туындаса, тікелей сыртқы істер министрлігінің өкіліне жүгінуге кеңес берді.
* АҚШ қаржыландыратын "Радио Свободаның" қазақстандық филиалы - Ресейде иноагент
Жаңалықтар
0