ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйені белсенді дамыту қажет - Мишустин

© Sputnik/Ертай СарбасовЗаседание Евразийского Межправсовета в Алматы
Заседание Евразийского Межправсовета в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
Сонымен қатар Ресей премьер-министрі ЕАЭО елдерін Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді жеделдетуге шақырды
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. ЕАЭО елдері уәкілетті органдардың үздіксіз өзара іс-қимылы үшін одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін белсенді дамытуы тиіс, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.
"Қазір біз барлық уәкілетті органдардың үздіксіз өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін белсенді дамытуымыз керек екенін тағы да атап өткім келеді", - деді Михаил Мишустин.
Сонымен қатар Ресей премьер-министрі ЕАЭО елдерін Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді жеделдетуге шақырды.
"Өткен жылдан бастап Иранмен еркін сауда туралы келісімге қол қойылды. Оны іске асыру біздің компанияларға осы елдің нарығына жеткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Бұл жерде құжаттың заңды күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді тезірек жүргізу қажет", - деді Мишустин.
Оның айтуынша, Моңғолиямен еркін сауда туралы уақытша келісім және Вьетнаммен қолданыстағы сауданы жетілдіру бойынша мәселелер пысықталп жатыр. Египетпен диалогта айтарлықтай ілгерілеу бар, ал БАӘ-мен, Индонезиямен келіссөздер жүріп жатыр.
"Еуразиялық тауарларды неғұрлым перспективалы, премиум нарықтарға, достық мемлекеттерге бағыттаудың маңызы зор", – деп қорытындылады Мишустин.
Жұма күні Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті. Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өткен отырысқа ЕАЭО үкімет басшылары мен ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Жаңалықтар
0