Майқайыңдағы автобус апаты: құтқарушылардың бірнеше заты табылды

© Павлодар облысының әкімдігіМайқайың кенішінде табылған заттар
Майқайың кенішінде табылған заттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
Ведомство мәліметіне сүйенсек, авариялық-құтқару жұмыстары демалыссыз жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. "Майқайың Алтын" АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде құтқарушылардың бірнеше заты мен автобустың бөлшегі табылды, деп хабарлайды Павлодар облысның әкімі Асайын Байханов.
"Бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді", - деп жазды әкім.
4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер опырылып, үлкен шұңқырға 4 адам мінген автобус құлап кеткен. Сол күні құтқарушылар қайтыс болған екі адамның денесін тапты.
Автобустың орналасқан жерін анықтау үшін "Алтыналмас АК" АҚ (Балқаш қаласы) мамандары мен ТЖД құтқарушылары пайда болған құлауды геосканизациялау бойынша жұмыстар жүргізді.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, авариялық-құтқару жұмыстары демалыссыз жүргізіліп жатыр.
Барлығы 147 адам, 45 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 дрон жұмылдырылды. Шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді.
Фото воронки в Майкаине, в которую упал автобус с людьми - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Майқайыңдағы автобус апаты: жоғалған адамдардың туыстары көріпкел шақырды
Жаңалықтар
0