Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында Украина президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан "бейбітшілік формуласы" атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.
Жаңалықтар
0