Бүгін тағы екі өңірде жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2024
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың тағы екі өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлап кетті, деп хабарлайды компания.

"Осыған байланысты сіздерден жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, алыс жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. Жол жүрген кезде қашықтықты, жылдамдықты сақтап, басып озу және кенеттен маневр жасамау керектігін есте ұстаған жөн", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар күре жолдың "Екатеринбург – Алматы" 1292 - 1353 шақырымындағы Жібек жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралықта жол жабылған болатын.
Енді қатты жел, боран, жол көрінісінің шектелуіне байланысты Қарағанды ​​облысындағы Астана - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жүруге шектеу енгізілді.
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2024
Еліміздің үш облысындағы республикалық жолдар жабылды
Жаңалықтар
0