Digital Almaty 2024: министр кубогі үшін робототехникадан чемпионат басталды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуРобот в бассейне, архивное фото
Робот в бассейне, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2024
Жазылу
Чемпионаттың жүлде қоры бір миллион теңге
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Digital Almaty 2024 форумы аясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кубогі үшін Қазақстанның ең мықты 10 командасы арасында робототехникадан жабық чемпионат басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Аймақтардан келген қатысушылар роботтардың инженерлік құрылымдары бойынша ғана емес, шағын технологиялық ұжым ретінде қоғамға пайдалы жобалармен сынға түсті. Үздіктер төрт аталым бойынша анықталады. Байқау басталмай-ақ қатысушылар роботтарын баптап, дайындықтарын пысықтады.
"Халықаралық FIRST TECH Challenge бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан чемпионаттың биылғы маусымдық тақырыбы – өнер және шоу. Яғни командалар және олардың роботтары - ойын алаңында пиксельдерді жинап, олардан мозаика құрайды. Чемпионат осы бағдарламасымен күрделі, - дейді қатысушылар.
FIRST TECH Challenge бағдарламасы бойынша Қазақстандық оқушылар бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Бүгінгі чемпионатта олар жаңа деңгейді еңсеріп, технологиялық біліктіліктерін шыңдай түседі, - дейді ұйымдастырушылар. Қатысушылар, роботтардың инженерлік құрылымдарынан бөлек осы бағытта өзгелермен тәжірибе бөлісу жобаларын да ұсынды.
Чемпионаттың жүлде қоры бір миллион теңге. Жеңімпаздар Ұлыбританияда өтетін робототехникадан ашық чемпионатқа жолдама алады.
Семейлік оқушылар робототехника чемпионатында үшінші орынды иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Семейлік оқушылар робототехника чемпионатында үшінші орынды иеленді
Жаңалықтар
0