Мәди Такиев Қазақстанның жаңа қаржы министрі болды

© Photo : служба центральных коммуникацийМади Такиев
Мади Такиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Бұған дейін бұл қызметті Ерұлан Жамаубаев атқарған болатын
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәди Такиевті қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін де осы қызметін атқарған еді.
Бұған дейін бұл қызметті Ерұлан Жамаубаев атқарған болатын.
Такиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
2019-2020 жылдары ұлттық экономика вице-министрі болды, кейін президент әкімшілігінде қызмет етті.
Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның құрамында болды.
Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның вице-премьері қызметіне тағайындалды.
Еске сала ктеейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.
Жаңалықтар
0