Полицияға жалған хабар берген: Астанада үш ата-анаға айыппұл салынды

CC0 / William Iven / Смартфон с наушниками
Смартфон с наушниками - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін елордалық үш оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
5 ақпан күні Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама келіп түсті. Онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын хабарлады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушы қатысқаны анықталды.
Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
"Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады", - делінген Астана қаласы ПД таратқан ақпаратта.
Жаңалықтар
0