Зейнетақы қорының ақшасын қай салаға салған тиімді – Тоқаев өз пікірін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, монета
Теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай зейнетақы қорының қаражатын пайдалануға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің ойынша, нақты секторды ұзақ мерзімге арналған қаржымен қамтамасыз ету өнеркәсіп саласын қарқынды дамытудың негізгі шарты болып саналады.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін тиімді пайдалану – осы мәселені шешудің бір амалы. Бұл ретте, әрине, міндетті түрде зейнетақы жинағының сақталуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканы әртараптандыруға және индустрияландыруға ықпал ететін жобаларды мұқият іріктеу қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осы орайда президент экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керектігін ерекше атап өтті.
"Бұл мәселеде салымшылар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Қажет болса, үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс. Осы маңызды жұмысқа квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай бұрын талай рет болған", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Банктерді де экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру қажет.
Жаңалықтар
0