Алматыда 130 көпқабатты үй газсыз қалды

© Photo : Steve Buissinne Архивное фото газовой горелки
Архивное фото газовой горелки - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
18 жер үй газдан ажыратылды
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және "Мұзтау" шағын ауданында газ құбырынан ақау анықтады.

"Осыған байланысты, 7 ақпанның кешінен бастап "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің алаңында орналасқан 130 көпқабатты үй және 18 жеке сектордағы үйлерді газбен жабдықтауды тоқтатты. Сондай-ақ, "Мұзтау" шағын ауданында газдан ажырату жұмыстары жүргізілді", - деп жазды ведомстводан.

Газбен жабдықтау бүгін сағат 14.00-ге дейін жалғасады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда авариялық қызметке 104 , 253-02-07 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.
Жаңалықтар
0