Түркістанда өзінің екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы бағытталды
АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. 2 және 7 жастағы екі бүлдіршіннің денесі 7 ақпан күні Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен табылды. Балаларды өлтірді деген күдікпен олардың анасы, Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғынына іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта ол ұсталды.
Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар белгіленді. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деп хабарлайды Түркістан облысының полиция депаратментінің бастығы Мұрат Қабденов.
Қабденовтің айтуынша, күдікті өзінің құрбысына хабарласып, балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы айтқан.
Еске сала кетейік, 7 ақпан күні Түркістанда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылған еді.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
"Басты күдікті – анасы": Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылды
Жаңалықтар
0