Жалдамалы пәтерде екі баласын өлтірген әйелге қатысты тың деректер шықты

© AFP 2024Архивное фото женщины в наручниках
Архивное фото женщины в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
Ол туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқан
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Түркістан қаласында екі баласын өлтірген әйелдің ісі бойынша тың деректер шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, келіншек балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқан.
"Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Істі тергеумен Түркістан облыстық полиция департаменті айналысуда", - деп жазды Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол әйел жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтіріп тастаған. Одан кейін қашып кеткен. Жол-жөнекей құрбысына хабарласып, балалардың қайтыс болғанын және жалдамалы пәтердің мекенжайын айтқан. Құрбысы полицияға хабар берген. Оған бірден іздеу жарияланды. Сол күні екі баласын өлтірген әйел Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Қызылорда облыстық білім басқармасының мәліметінше, ұсталған әйел Шиелі ауданындағы №46 мектепте он жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеген. Педагогикалық қызметте бірқатар жетістікке де жеткен. Диспансерлік есепте жоқ. Ата-енесі бар, жұбайымен бірге тұрған. 7 ақпанда жұмысқа келмейген.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі (адам өлтіру, екі немесе одан көп) бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
"Басты күдікті – анасы": Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылды
Жаңалықтар
0