Алматыда үш автобус соқтығысты – бірнеше адам зардап шекті

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана. Виды зимой
Астана. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
Үш автобус та жеке меншік тасымалдаушы компанияларға тиесілі
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Алматы қаласында үш автобус соқтығысты. Жол апаты Райымбек даңғылының бойында "Саяхат" автовокзалының жанында болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Автобустардан бөлек тағы бір жеңіл көлікке зақым келген.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам жарақат алды. Бір жолаушының аяғы сынған сияқты.
Алматы қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 13 ақпанда таңғы сағат тоғыздың маңайында 54-ші бағыттағы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен келе жатқанда 133-шы бағдар мен Nexia көлігімен соқтығысқан. Ал 133-шы автобус инерциямен 88-ші бағдарға соғылды.
Үш автобус та жеке меншік тасымалдаушы компанияларға тиесілі
Барлық зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Медеу аудандық полиция басқарамасы тергеу шараларына кірісті.
Жаңалықтар
0