Отбасы банк депозитінде зейнетақы төлемдері ақшасын жинақтау мерзімі 8 жылға ұзаруы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
Бұдан бөлек, ерлі-зайыптыларға "Отбасы банкі" АҚ депозиттерін бір-біріне біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражатымен толықтыруға мүмкіндік беру ұсынылады
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 135 мыңға жуық қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы банкіне аударған. Бірақ ипотекалық тұрғын үй қарыздарын әлі ресімдеген жоқ. Себебі бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі алты жылды құрайды.​
"Осыған байланысты министрлік азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында "Отбасы банк" АҚ депозиттерінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражатын жинақтау мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуды ұсынады", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, ерлі-зайыптыларға "Отбасы банкі" АҚ депозиттерін бір-біріне біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражатымен толықтыруға мүмкіндік беру ұсынылады.
Ал Отбасы банкімен шарт бұзылған жағдайда ақша алушының арнайы шотына қайтарылады. Ол 20 жұмыс күні ішінде осы қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады немесе емдеуге жұмсай алады
Айта кетері, қазіргі кезде бұйрықтың жобасы Ашық НҚА қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Барлық ескертулер мен ұсыныстар қабылданғаннан кейін бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілетін болады. Келісу процесі шамамен екі айға созылады.
Жаңалықтар
0