Атырау облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2024
Жазылу
Пойыздың құрамында барлығы 66 вагон болған
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Атырау облысы Құлсары станциясында жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға 14 ақпанда Құлсары стансасының Бейнеу-Мақат учаскесінде болған.
"Өндіріс жолының жеке кіреберісінен жеке компаниялар қабылдайтын жүк пойызының жеті ашық вагоны жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның айтуынша, экологияға қауіп жоқ. Пойыздың құрамында барлығы 66 вагон болған. Қазіргі уақытта рельстен шыққан барлық вагон көтерілді. Басқа пойыз қозғалысына кедергі болмаған.
Жаңалықтар
0