Өңірлер

Абай облысының бір ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Жазылу
Мұндай шешімді аудан әкімі қабылдады
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Абай облысы Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.
"Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген шешімде.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов тағайындалды.
Бұған дейін облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ден астам автокөлік қар құрсауында қалған еді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2024
Өңірлер
Абай облысында жүзден астам автокөлік қар құрсауында қалды
Жаңалықтар
0