Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды

© пресс-служба МЧС КарагандыҚарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды
Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2024
Жазылу
ТЖД қызметкерлері үйінді астынан ер адамды шығарды
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласында тұрғын үйдегі жылыту бу қазандығы жарылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға түнгі сағат 03:30-да болды.
"Салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты", - деп жазылған хабарламада.
ТЖД қызметкерлері үйінді астынан ер адамды шығарып, медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Өртті жоюға ТЖД, Апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды.
Двухэтажный дом обрушился в Карагандинской области из-за взрыва газового баллона: двое погибли - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2024
Қарағанды облысындағы жарылыс: 12 отбасына баспана табу мәселесі қаралып жатыр
Жаңалықтар
0