Республикалық маңызы бар төрт жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км:
"Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км
"Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст;
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
"Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ.
Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км:
"Жезқазған - Петропавл" - Ұлытау кенті-Қостанай обл.шек
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 694 бірлік техника және 1536 жолшы жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0