Қазақстанның он өңірінде елді мекендерге су басу қаупі төніп тұр

© Акимат Акмолинской областиАтбасардағы су тасқыны
Атбасардағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Жазылу
Халықты құлақтандыру жұмысы пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов көктемгі су тасқыны кезеңінде су басу қаупі төніп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды. Синоптиктердің болжамынша, ақпан және наурыз айларының соңында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде мол жауын-шашын түсуі мүмкін.
"Осыған байланысты, 10 өңірдің елді мекендерін су басу қаупі бар. Атап айтқанда, тау суының ағыны салдарынан: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың жылдам еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлері", - деді Әрінов үкімет отырысында.
Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізген.
"Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру жұмысы пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды.
Сонымен қатар елді мекендерде уақытша бөгендер салу және үйемелеу (114 км), арықтарды, каналдарды (1 904 км), сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту (5 002 дана) нақты түрде жүзеге асырылды. Елді мекендерден 10,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды.
Жаңалықтар
0