https://sputnik.kz/20240220/qutqarushylar-mingen-avtobus-shunqyrga-qulady-izdeu-zhumysy-qashan-zhandanady-42392830.html
Құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлады: іздеу жұмысы қашан жанданады
Құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлады: іздеу жұмысы қашан жанданады
Sputnik Қазақстан
Қазір іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қауіп-қатерді бағалау бойынша сараптама жүріп жатыр 20.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-20T13:10+0500
2024-02-20T13:10+0500
2024-02-20T13:10+0500
автобус
https://sputnik.kz/img/07e8/01/04/41362024_0:0:750:422_1920x0_80_0_0_baf6ff7bb3eb17df46e4284e882cb92e.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында автобуспен бірге шұңқырға құлаған адамдарды іздеу жұмысын жандандыру немесе тоқтату туралы шешім сараптамадан кейін қабылданады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, сараптама 30 наурызға дейін аяқталуға тиіс."Сол кезде біз іздеу жұмыстарын жандандыру, жалпы кеніштегі жұмысты қайта бастау бойынша шешім қабылдаймыз. Егер опырылу қаупі туындаса, әрине, оқиға орнында шешім қабылдаймыз", - деді министр.Еске сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" шахтасы аумағында құтқарушылар мінген автобус жер астына түсіп кетті. Апат кезінде көлік салонында бір жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Іздеу жұмыстары барысында екі құтқарушының мәйіті жер бетіне шығарылды. Қалған екі адам әлі табылған жоқ. Төтенше жағдайдан кейін алтын өндіру кәсіпорнының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/04/41362024_156:0:719:422_1920x0_80_0_0_f317ff02395a7b47dee7ca03e1f507bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
автобус
Құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлады: іздеу жұмысы қашан жанданады
Қазір іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қауіп-қатерді бағалау бойынша сараптама жүріп жатыр
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында автобуспен бірге шұңқырға құлаған адамдарды іздеу жұмысын жандандыру немесе тоқтату туралы шешім сараптамадан кейін қабылданады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қауіп-қатерді бағалау бойынша сараптама жүріп жатыр. Себебі топырақтың опырылу қаупі бар. Біз тірі адамдардан – іздеу жұмыстарына тартылатын құтқарушылардан айырылып қалуымыз мүмкін", - деді Әрінов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, сараптама 30 наурызға дейін аяқталуға тиіс.
"Сол кезде біз іздеу жұмыстарын жандандыру, жалпы кеніштегі жұмысты қайта бастау бойынша шешім қабылдаймыз. Егер опырылу қаупі туындаса, әрине, оқиға орнында шешім қабылдаймыз", - деді министр.
Еске сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" шахтасы аумағында құтқарушылар мінген автобус жер астына түсіп кетті. Апат кезінде көлік салонында бір жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Іздеу жұмыстары барысында екі құтқарушының мәйіті жер бетіне шығарылды. Қалған екі адам әлі табылған жоқ. Төтенше жағдайдан кейін алтын өндіру кәсіпорнының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.