Ұлттық статистика бюросы инфляцияны есептеудің жаңа әдістемесін сынақтан өткізіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Жазылу
Бюро инфляцияны есептеу үшін ай сайынғы негізде тауарлар мен қызметтердің 508 позициясы бойынша баға мониторингін жүргізеді
АЛМАТЫ, 20 ақпан - Sputnik. Ұлттық статистика бюросы инфляцияны есептеудің жаңа әдістемесін сынақтан өткізіп жатыр.
Бұл туралы үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңес барысында белгілі болды, онда инфляцияны есептеу бойынша жаңа әдіснамаға көшу жөніндегі жұмыстың нәтижелері қаралды.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев инфляцияны есептеудің жаңа әдістемесіне көшу туралы айтып берді, онда фискалдық чектердің деректері тауарлар мен қызмет бағасын мониторингтен өткізу барысында балама көз ретінде пайдаланылатын болады.
"Жұмыс жоспарымызға сәйкес, келесі айда біз жаңа әдіснаманы пысықтауды аяқтаймыз. Соның негізінде сәуірден бастап бағдарламалық кешенге өзгерістер енгізіледі және мамыр айында тұтыну бағаларының индексін есептеу бойынша пилоттық жоба жоспарланған. Келесі жылдың басынан бастап инфляцияны есептеудің жаңа әдістемесіне көшеміз деп отырмыз", – деді Мақсат Тұрлыбаев.
Айта кетейік, бюро инфляцияны есептеу үшін ай сайынғы негізде тауарлар мен қызметтердің 508 позициясы бойынша баға мониторингін жүргізеді. Мұнда сауда орталықтарын, базарларды, үй жанындағы дүкендерді, әлеуметтік дүкендерді (12 мыңнан астам бақыланатын Нысандар) аралап өтетін тіркеуші маман бағаларды арнайы жасалған мобильді қосымшада тіркейді.

Фискалдық операторлардың деректерін пайдалану зерттелетін объектілер ауқымын кеңейтуге және баға бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0