Елордада қоғамдық көлікте жолақыны төлеудің тағы бір әдісі пайда болды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана. Виды зимой
Астана. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады
АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. Елордада қоғамдық көліктерде жолақыны төлеудің тағы бір ыңғайлы әдісі ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл – "Avtobys" мобильді қосымшасымен жолақыны автобустың борт (гараждық) нөмірі арқылы төлеу.
Бұл тәсіл несімен ыңғайлы?
QR-кодты сканерлемей-ақ, қашықтан көлік кодын енгізу арқылы төлем жасау;
Жақындарыңыздың Сіз үшін қашықтан төлем жасап беру мүмкіндігі бар, яғни ол үшін көлік кодын айтсаңыз болды.
Жақындарыңыз төлем жасап, Сізге электрондық билетті мессенджер арқылы жібере алады.
Автобустың борт нөмірі арқылы төлеу үшін:
"Avtobys" мобильді қосымшасында "Борт нөмірі" бөліміне өтіңіз;
Автобустағы QR-код жапсырмасының үстінде немесе валидаторында көрсетілген нөмірді енгізіңіз;
Төлем жасау тәсілін таңдаңыз;
Төлемді растаңыз.
Бұл жерде төлем "Avtobys" қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынады.
Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.
Осылайша, елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны көлік картасымен, QR-код сканерлеу, "Avtobys" мобильді қосымшасында Bluetooth және автобустың борт нөмірін енгізу арқылы екінші деңгейлі банктердің картасымен төлеуге болады.
Жаңалықтар
0