Қазақстанда газ өндіруді ұлғайту жоспарланып отыр

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Завод Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) по производству полипропилена в Атырау
Завод Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI) по производству полипропилена в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
Оны іске асыру үшін сырттан инвестициялар тартылады
АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев инвесторлармен жүзеге асырылатын Қазақстандағы газ жобаларын атады.
Сәтқалиевтың айтуынша, 2030 жылға қарай халықты газдандыру деңгейін 65%-ке жеткізу жоспарланған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 60% болды, яғни 12 млн адам газға қол жеткізді.
2024 жылы газдандыруды жалғастыруға 90,4 млрд теңге бөлінді, бұл 244 мың адамды газбен қамтамасыз етуге және газдандыру деңгейін 61,1%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ірі инфрақұрылымдық жобалар:
"Бейнеу-Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу (жылына 15 млрд м3);
"Ақтөбе – Қостанай" магистральдық газ құбырын салу (жылына 4,1 млрд м3);
"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының 2-ші, 3-ші, 4-ші кезеңдерін салу (жылына 1,7 млрд. м3);
"Талдықорған - Үшарал" магистральдық газ құбырын салу (жылына 385 млн. м3) жоспарланған.
Оларды іске асыру үшін сырттан инвестициялар тартылады.
Жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катарға сапары барысында катарлық инвесторлармен (Power International Holding) "Бейнеу-Бозой - Шымкент" және "Ақтөбе - Қостанай"2 - ші желісін салу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі келісімдерге қол қойылды.
2023 жылы Қазақстанда қанша газ өндірілді
2023 жылы республика бойынша 59,1 млрд м3 газ өндірілді. Ал биылғы болжам бойынша 60,5 млрд м3 газ өндіріледі, яғни ұлғайту жоспарланған.
2023 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,95 млн тонна, тұтыну көлемі 1,8 млн тонна болды. Ал сұйытылған мұнай өндіру бойынша биылғы болжам 2,95 млн тонна, тұтыну – 2,1 млн тонна болады.
Жаңалықтар
0