Қарағандыда өрт сөндірушілер өрттен 66 газ баллонын шығарды

© Photo : ДЧС Карагандинской областиӨрт сөндірушілер өрттен 66 газ баллонын шығарды
Өрт сөндірушілер өрттен 66 газ баллонын шығарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жойқын жарылыстың алдын алды. Ешкім зардап шекпеді
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Қарағандылық өрт сөндірушілер өз өмірін қауіпке тігіп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Сағат 16.19-да Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданындағы автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл сыйымдылықтағы газ жанды", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді.
ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сағат 16.48-де оқшауланып, сағат 16.59-де сөндірілді.

ТЖД күшімен 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасы жарылды, кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған.
Жаңалықтар
0