Қазақстанда ет өндірісі 39%-ке өсті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Жазылу
Қазақстандықтар сиыр етін 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте жан басына шаққанда орташа есеппен 18,33 кг тұтынған
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 80,2 мың тонна ет өндіріліп, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,1%-ке артты, деп жазды Energuprom.kz.
Биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірілді, 2023 жылғы қаңтарға қарағанда бірден 39,4%-ке өскен.
Қазақстандықтар ең көп тұтынатын сиыр еті 2023 жылғы қаңтар–қыркүйекте жан басына шаққанда орташа есеппен 18,33 кг болды — 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ке артық.
Одан кейін жылқы еті: жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 кг, бір жылдағы өсім — 11,7%.
Қой етін тұтыну бір жылда 4%-ке азайып, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 4,02 кг болды.
Шошқа етін тұтыну 2,5%-ке төмендеді: жан басына шаққанда орташа есеппен 2,46 кг.
2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қой еті 0,1%, жылқы еті 0,6%-ке дейін қымбаттады.
Бір жылда сиыр еті бірден 8,7%-ке қымбаттады.
Жаңалықтар
0