Қазақстанға Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілді

© Photo : Аккаунт Багдата Мусина в соцсетяхПрибыла первая партия оборудования Starlink
Прибыла первая партия оборудования Starlink - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2024
Жазылу
500 дана жеткізілді
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанға республика мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілді.
"Starlink жабдығының алғашқы партиясы Қазақстанға келді. 500 дана!" - деп жазды цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министр жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін Алматыға барды.
Мусинннің айтуынша, келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жақсы жүргізді.
Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезектегі партияжеткізіледі.
Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі шалғайдағы 2000 ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді.
Былтырқазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылды. Олардың желідегі деректерді беру жылдамдығы секундына 200 Мбит-ке жетеді.
Жаңалықтар
0