Алматыда электр бағаналарының жабдықтары ұрланып жатыр

© Photo : Алматы әкімдігіАлматыда электр бағаналарының жабдықтары ұрланып жатыр
Алматыда электр бағаналарының жабдықтары ұрланып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Жазылу
Қаскүнемдер люктерді ұрлағанмен қоймай, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Алматыда электр бағаналарының жабдықтарын ұрлау жиілеп кетті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматыда көшедегі жарықтандыру бағаналарының люктері жаппай ұрланып жатыр.
"Алматы Қала Жарық" МКК былтыр күзден бастап шам бағанасындағы 2000-нан астам люкті ауыстырды. Люк – шам бағанының түбіндегі металл қақпақтар. Бұл жерде шамның сымдары магистральдық кабельге қосылады. Олар желілерді жөндеу, кабельді ауыстыру және басқа жұмыстар үшін қажет. Қаскүнемдер люктерді ұрлағанмен қоймай, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады, соның кесірінен көшелерде тоқ болмай қалады", - дейді МКК басшысының орынбасары Вадим Макаров.
Бұл аздай, қаскүнемдер торшерлі тротуар шамдарын сындырып кетіп жүр. Осыған байланысты кей тіректерге "вандалға қарсы" шамдар орнатылады.
"Егер сіз ұрлықтың немесе бұзақылықтың куәсі болсаңыз, полицияға хабар беріңіз. Ал шам зақымдалса, диспетчерлік қызметке 8(727)3902040; 8(727)3902060, 8(771)718-24-39, 8 (771)718-24-56 хабарласыңыз", - деп жазды ведомство.
Смартфон с наушниками - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Қоғам
Алматыда телефон ұрлаған жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Жаңалықтар
0