Астанада автобус жол ақысын төлеудің тағы бір тәсілі енгізілді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана. Виды зимой
Астана. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын треккинг функциясының көмегімен төлеуге болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
Ол үшін "Avtobys" мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет.
Трекингпен төлеу үшін:
маршруттар бөліміне өтіңіз;
қажетті бағдарды таңдаңыз;
белгішені басу арқылы автобусты таңдаңыз;
төлеу функциясын басыңыз;
төлемді растаңыз.
Төлем "Avtobys" қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады.
Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын:
көлік картасы;
QR-код сканерлеу;
Bluetooth арнасы;
банк картасы;
NFC құрылғылары;
автобустың борт нөмірі;
трекинг функциясы арқылы төлеуге болады.
Жаңалықтар
0