Премьер-министрдің баспасөз хатшысы ауысты

© Photo : Премьер-министрдің баспасөз қызметіПремьер-министрдің баспасөз хатшысы Диляра Аленова
Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Диляра Аленова - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңа баспасөз хатшысын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл қызметке Диляра Аленова келді. Бұған дейін ол Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
Диляра Аленова 2015 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген. Ал еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде, ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде, "Қазконтент" АҚ-сында, премьер-министрдің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.
Одан кейін "Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ басшысы, Алматы қаласында қоғамдық даму басқармасына қарасты коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы болды.
2023 жылы шілде айында Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы қызметіне тағайындалған.
Жаңалықтар
0