Шымкентте 52 млн теңге желге ұша жаздады

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2024
Жазылу
Қалалық прокуратураның апелляциялық өтінішхаты негізінде сот үкімінің күші жойылып, жаңа шешім қабылданды
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Мемлекеттің 52 млн теңге шығыны өтелді, деп хабарлады Шымкент қалалық прокуратурасы.
"Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК "Арх-Комплекс" ЖШС-дан 52 миллион теңге өндіріп алу туралы сотқа жүгінген. Өйткені серіктестік мемлекеттік сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған.

"Шартқа сәйкес ЖШС жобалық сметалық құжатты әзірлеуге және сараптаманың оң қорытындысын алу үшін сүйемелдеуге міндетті. Алайда сот республикалық ветеринариялық зертхана талап қою мерзімін өткізіп алды деп, талап арызды қанағаттандырмаған", - дейді прокуратура.

Сот жобалық сметалық құжаттың заң талаптарына сәйкес келмеу фактісі сараптаманың теріс қорытындысын алғаннан кейін ғана белгілі болғанын ескермеген.
"Шымкент қаласы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты негізінде апелляциялық саты сот шешімінің күшін жойып, талап арызды толық қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды. Нәтижесінде мемлекет пайдасына 52 млн теңге өндірілді", - дейді ведомство.
Ақша, пара - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2018
Қоғам
Қазақстанда соңғы 3 жылда жемқорлардан 17 млрд теңге өндірілді
Жаңалықтар
0