Елорда тынысы

Алғыс айту күні: Астанада тазалық қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратылды

© Астана қаласының әкімдігіАстанада тазалық қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратылды
Астанада тазалық қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.02.2024
Жазылу
Волонтерлер 40-қа жуық коммуналдық қызмет маманын 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, көктемнің алдында жадыраңқы көңіл күй сыйлады
АЛМАТЫ, 29 ақпан - Sputnik. Елордада 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Астана жастары волонтерлері коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акция аясында волонтерлер 40-қа жуық коммуналдық қызмет маманын 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, көктемнің алдында жадыраңқы көңіл күй сыйлады.
"Сарыарқа ауданы бойынша 623 жол жұмысшы бар. Олар өткен түні 261 техниканың көмегімен 2 754 текше метр қар шығарып, нәтижесінде 249 рейсті арнайы полигонға жөнелтті. Жалпы, қыс басталғалы бері аудан аумағынан 79 235 ауыр жүк көлігіне тең 1 102 647 текше метр қар шығарылды", - деді Сарыарқа ауданының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің маманы Бибігүл Жақсыбай.
Айта кетсек, 29 ақпан күні таңертең қаланы қардан тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника шықты.
Қыс басынан бері елордадан полигондарға 404 мыңнан астам рейс 5,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Коммуналдық қызмет мамандары волонтерлерге алғысын білдірді.
"Көңіл көңілден су ішеді" демекші, осындай суықта бізге бір шыныаяқ ыстық шай мен бауырсақ таратып жатқан Сарыарқа ауданы әкімдігі мен волонтерлерге алғысымызды айтамыз. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!" – деді коммуналдық қызмет маманы Қорлан Нұрмағанбетова.
Айта кетсек, волонтерлер қыс уақытында қар күреумен қатар, тұрақты түрде азық-түлік себеттерін тарату, отын жару және ауа райы қолайсыз кезде шай ұсыну сияқты көмек көрсетіп тұрады.
Волонтерлердің айтуынша, қайырымдылық акциясы қыстың соңына дейін жалғасады.
Жаңалықтар
0