Қоғам

Жазда Алакөлге баратын пойыздарда 270 мыңнан аса орын ұсынылады

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" Пойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
Жазылу
ҚТЖ Павлодар, Шымкент және Қызылордан Алакөлге дейін біржолғы пойыздарды ұйымдастыру мәселесін қарастыруға дайын
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Биыл жаз мезгілінде Алакөл бағытында қатынайтын пойыздарда 270 мыңнан астам орын ұсынылады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
ҚТЖ соңғы жылдары көл бағытындағы пойыз сапарларына сұраныс артып келе жатқанын атап өтті. Былтыр Алакөлге теміржол көлігімен 254 мың жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден екі есе өсті.
"Алдағы жазда пойыздарда ұсынылған орындардың саны 16 мыңға артып, 270 мыңнан асады", - делінген хабарламада.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут Алакөл бағытында жүреді. Курорттық аймаққа жіберілетін пойыздар құрамына негізінен ауа баптағыштары бар жылжымалы құрамдар кіреді.
Аялдамалар туристер үшін ең танымал орындарда – Жалаңашкөл, Ақши, Бескөл станцияларында қарастырылған.
"Туристік маусымның қызған шағында Жалаңашкөл станциясының вокзалында жолаушылар ағыны тәулігіне 800 жуық жолаушыны, Ақши – тәулігіне 550-ге жуық жолаушыны, Бескөл – тәулігіне 220-ға жуық жолаушыны құрайды. Жолаушылар ағынының ұлғаюын ескере отырып, станциялардың вокзалында жолаушылардың жайлы және қауіпсіз болуы үшін жағдай жасалады", - деп сендірді компаниядағылар.
Сондай-ақ ҚТЖ туроператорлар нақты қажеттілікті ұсынған кезде Павлодар, Шымкент және Қызылордан Алакөл көліне дейінгі біржолғы пойыздарды ұйымдастыруды қарастыруға дайын екенін атап өтті. Туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте брондау тәртібі әлі де қолданылады – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәулік. Сұраныс жоғары болған кезде билеттерді "Күту парағы" қызметін пайдалану арқылы сатып алуға болады.
Сондай-ақ, ҚТЖ интермодальды тасымалдауды дамыту бойынша әуе тасымалдаушылармен және туроператорлармен ынтымақтасуға дайын.
Пассажирский поезд  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Пойыз уақытынан кешіксе айыппұл төленеді - ҚТЖ
Жаңалықтар
0