"Камералар түсіреді": Полиция жүргізушілерге ескерту жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана қаласы
Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Жазылу
Астана полициясы бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын ескертті
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Елорда полициясы бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салынғанын ескертті, деп хабарлады Polisia.kz.
Ресми мәлімет бойынша жол апатына көбінесе бағдаршамның сары түсі жанған сәтте жүру себеп болады.
"Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналы шығатынын ескертеді", - делінген хабарламада.
Полицияның айтуынша мұндай ереже бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейді.

"Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол апаттары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары), оның ішінде сары сигналға өту салдарынан болған", - дейді полицейлер.
6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді.
Жаңалықтар
0