Премьер-министр жұмыс сапарымен Ресей мен Өзбекстанға барады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2024
Жазылу
Олжас Бектенов Ресей мен Өзбекстанның үкімет басшыларымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Наурыз айында үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жоспарланған.
"Мәскеуде Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.
Жаңалықтар
0