Саясат

Мәжіліс төрағасы Ресейге ресми сапармен барды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Жазылу
Қошанов Мәскеу мен Қазан қалаларына барады
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен келді, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.
4-5 наурыз күндері Қошанов Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған.
Мәскеуде Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.
Қазанда мәжіліс төрағасы Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.
Учебник русского языка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Қошанов мектептерде орыс тілін шектеуге қатысты өз ойын айтты
Жаңалықтар
0