Қоғам

Рамазан – 2024: пітір садақасының мөлшері белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2024
Жазылу
Биыл ораза 11 наурызда басталады
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы пітір садақасының мөлшерін 640 теңге деп бекітті.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді", - делінген мүфтият сайтында.
Биыл қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.
Айта кетері, шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз.

Пітір садақасы деген не

Ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айында мұсылман адамның өзі және отбасы үшін пітір садақасын беруі – уәжіп. Оны қажеттілігін қоспағанда мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына (595 гр) жеткен адам беруі керек. Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес.
Пітір садақасы Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды.
Пітір садақасы 2 келі ұнмен, не мейізбен, немесе 4 келі құрмамен есептеледі. Бай, ауқатты азаматтар пітір садақасын мейіздің немесе құрманың бағасымен бере алады.
Рамазан айының басталуы, оразаның пайдасы мен оны бұзатын әрекеттер туралы толығырақ біздің дерекқордан оқыңыз.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Дерекқор
Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет
Жаңалықтар
0