Астанада жалға берілетін пәтерге ие болғандардың тізімі жарияланды

CC0 / / Ключи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Жазылу
Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасып жатыр
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Астанада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй иелерінің тізімі шықты.
Тізімді мына сілтемеден көруге болады.
Елордалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтында көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына жалға берілетін баспана бағдарламасының нәтижесі жарияланған.
Үш санаттың әрқайсысындағы тізімдер екіге бөлінеді: өткен және өтпеген.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасып жатыр.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі қарайғы іс-қимылды түсіндіреді.
"Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты тұрғындардан өте сақ болуды өтінеміз" дейді әкімдіктен.
Өйткені тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон шала отырып, ешқашан кредит, қарыз өтеуді, үй беру үшін бұғатты алып тастауды сұрамайды.
Жаңалықтар
0