Атырауда екі жасөспірім мұз ойығына түсіп кетті

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиДве девушки провалились под лед в Семее, одна погибла
Две девушки провалились под лед в Семее, одна погибла - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Атырауда мұз ойығына түсіп кеткен екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
7 наурыз күні Жайық өзенінде екі жасөспірімнің мұз ойығына түсіп кеткенін байқаған патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері дереу көмекке келген.
Судан құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жіп жеткізіп өздерінің беліне байлап балалардың суға батып кетуіне жол бермеген.
Тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 2007 жылы туған жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарды. Оларға жедел-жәрдем шақырылып алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Жаңалықтар
0