Өңірлер

Қостанайда көлік жөндеу станциясы өртеніп, екі адам ауруханаға түсті

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Жанып жатқан ғимараттан 6 газ баллоны шығарылды
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қостанай қаласында техникалық қызмет көрсету станциясының екі қабатты ғимараты отқа оранды.
Тілсіз жау кеше сағат 21.11-де оқшауланған. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 45 адамы және 12 техникасы жұмыс істеді.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан көлемі 27 литр болатын 6 газ баллонын алып шықты.
"Өрт сағат 22.54-те сөндірілді. Жалын 291 шаршы метр аумақты шарпыған", - делінген ТЖ министрлігінің хабарламасында.
Құтқарушылар келгенге дейін жедел жәрдем бригадасы өрттен зардап шеккен екі адамды ауруханаға жеткізді.
© Photo : ҚР ТЖМ баспасөз қызметіҚостанайда СТО өртенді
Қостанайда СТО өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Қостанайда СТО өртенді
Жаңалықтар
0