Министрлік Қазақстанда ауаға ірі көлемде метан тарады деген ақпаратты жоққа шығарды

© Photo : Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіНа месторождении "Каратурун Южный" в Мангистауской области горит скважина
На месторождении Каратурун Южный в Мангистауской области горит скважина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
Кен орнына иелік ететін компанияға 500 млн теңге айыппұл салынды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысындағы кен орнынан алты айға созылған өрттен ауаға таза метан тараған жоқ. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шенеунік апат болғанын мойындады, бірақ ауаға таза метан тарамаған, өйткені оны бірден өртейді.
"Атмосфераға таза метан тарамағанын атап өткім келеді. Себебі метан – өте улы газ. Бүкіл әлемде апатты жағдай кезінде оны өртейді. Қазір кейбір БАҚ ауаға ірі көлемде таза метан тарады деп жазып жатыр, бірақ іс жүзінде мұндай болған жоқ. Апат басталған сәттен ілеспе мұнай газы өртелген. Бұл бүкіл әлемде қауіпсіздік техникасы бойынша қарастырылған", - деп түсіндірді Әлиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр жоспардан тыс тексеріс аяқталғанын және апат болған компанияға 500 млн теңге айыппұл салынғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы ұңғымадан шыққан өрт 6 айдан соң бір-ақ сөндірілді. ВВС зерттеуіне сүйенсек, алты ай бойы үздіксіз жанған кен орнынан ауаға 127 мың тонна газ бөлінген.
Оңтүстік Қаратұрын кен орны "Бозашы Мұнай" ЖШС компаниясының иелігінде.
Жаңалықтар
0