Skills Enbek платформасы: жыл басынан бері жаңа 44 тегін курс қосылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
Онлайн оқыту белгілі бір кәсіптік салада белгілі бір дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді алуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. 2024 жылдың басынан бастап Skills Enbek платформасына қазақ және орыс тілдерінде 44 жаңа курс қосылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Әр курстың ұзақтығы 36 сағаттан асады. Онлайн оқыту белгілі бір кәсіптік салада белгілі бір дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, құрылыс және өндіріс саласында "Жылу желілерінің жабдықтарына, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу", "Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын пайдалану", "Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары", "Дәнекерлеу өндірісінің негіздері", "Токарлық өңдеу негіздері" сияқты курстар қосылды.
"Жеке қызметтер мен тамақтану бойынша қосымша курстар пайда болды: "Тігуді басынан бастап үйреніңіз!", "Қызмет көрсету саласындағы әкімші", "Шаштараз өнері", "Аспаз", "Наубайхана негіздері", "Кондитерлік шеберхана". "Мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қызметкер" курсы бар", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ "Тиімді коммуникациялар және командалық жұмыс", "Сыни ойлау негіздері", "Уақытты басқару және басымдық беру", "Дизайн ойлау", "Бизнес-процестерді басқару", "Бизнестегі коммуникация мәдениеті", "Agile принципі бойынша жобаларды басқару", "Маркетингтік талдау (консалтинг)", "Microsoft Office-пен жұмыс" және "Экологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру" сияқты әр мамандық үшін бірдей маңызды "икемді" дағдыларға бағытталған курстар бар.
Курстан өткенін растайтын сертификат Enbek.kz жұмысқа орналастыру порталында алынған барлық дағдыны көрсете отырып, түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.
Курстарда Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болатын Enbek мобильді қосымшасында қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы – бұл Яндекс Қазақстан, Astana Hub, Courstore, Fluent Education және т.б. сияқты жетекші білім беру алаңдарымен интеграцияның арқасында курстардың үлкен таңдауы бар дайын орын.
Soyle.kz мемлекеттік тілді оқыту порталын құрған Мемлекеттік тіл қоры тағы бір серіктес болып табылады. Қазір Skills Enbek платформасында "Как выучить казахский язык с нуля" промо-курсы қолжетімді.
Бүгінгі күні осы платформада әртүрлі бағыттар бойынша барлығы 477 курс орналастырылған, оның ішінде 243-і тегін. Тіркелген пайдаланушылар саны 380 мың адамға жетті.
Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақ бойынша "ЕРДО" АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).
Жаңалықтар
0