Қоғам

Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады – президент

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
Тоқаевтың пікірінше, қазақ тілін дамыту үшін қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді барынша тиімді пайдаланған дұрыс
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті.
"Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық. Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітапты шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында", - дейді Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында.
Президент "ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз" деп мәлімдеді.
"Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек", - деді ол.
Осы орайда мемлекет басшысы халықаралық "Қазақ тілі қоғамын" ерекше атап өтті.
"Қазір Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы бастаған жаңа буын өкілдері ұйым тізгінін қолға алды. Мен қоғамның "Qazaq tili" эндаумент қорын құру туралы ұсынысын қолдадым. Осы жақсы бастаманы қолында қаржысы бар азаматтар жалғастырып әкетті. Тілімізге қамқорлық танытқан жандарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Қалталы, жанашыр азаматтар қорды ұлғайтуға үлес қосады деп сенемін", - деді Тоқаев.
Президент экономиканы дамыту үшін "Креативті индустрияның" мән-маңызы зор екенін тағы да айтты. Бұл мемлекеттік тілдің болашағы үшін де өте маңызды.
"Қазақ тілін дамытамыз десек, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді барынша тиімді пайдаланған дұрыс", - деп санайды мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Тоқаев тарихты орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейтінін айтты
Жаңалықтар
0