Жыл басынан бері Қазақстандағы бөлшек сауданың 27,5%-ын азық-түлік өнімдері құрады

© Sputnik / Алексей ДаничевПродукты на столе
Продукты на столе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
Қазақстандағы статистика мамандарының мәліметінше, бөлшек сауда осы сала көлемінің 30,9%-ын құрайды
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарлары 27,5%-ды құрады, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында азық-түлік емес тауарлардың үлесі 72,5%-ды құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Қазақстанның сауда саласының нақты көлем индексі қаңтар-ақпанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2%-ды (2023 жылғы қаңтар-ақпан – 111,5%) құрады.
"Саланың жалпы көлемінің елеулі үлесі көтерме саудаға тиесілі, оның үлесі 68,8%, бөлшек сауда – 30,9%", - деп толықтырды ведомстводағылар.
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ға артып, 2 468,7 миллиард теңгені құрағанын хабарлады.
"Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізуі 1 951 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 9,9%-ға артық", - деп хабарлады бюродағылар.
Ведомство анықтағандай, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сату көлемінің ең көп өсуі мына тауарды сататын кәсіпорындарда байқалған:
мотор отыны,
автомобильдер,
косметикалық өнімдер
дәретхана керек-жарақтары,
фармацевтикалық өнімдер,
киім,
сағаттар мен зергерлік бұйымдар,
автомобиль бөлшектері, тораптары мен керек-жарақтары,
былғарыдан жасалған бұйымдар.
1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы бөлшек сауда кәсіпорындарының тауарлық-материалдық қорларының көлемі саудада 1 569 миллиапд теңгені құрады, сауда күндерінде – 74 күн. Саланың өсу қарқынымен қатар статистика мамандары олардың төмендегенін хабарлады – бір жыл бұрын бөлшек саудадағы тауарлық-материалдық қорлардың көлемі 1 460,5 млрд теңгені немесе 76 күнді құрады.
Өңірлер бойынша жыл басынан бері ең көп бөлшек сауда Алматы (31%) және Астана (12,4%), Қарағанды (8,6%) және Шығыс Қазақстан (5,9%) облыстарында тіркелді.
Сала көлемінің 68,8 %-ын құрайтын көтерме сауда бойынша статистика мамандары: алғашқы екі айда 5 498,6 миллиард теңгеге өскенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104%-дв құрағанын хабарлады.
"Көтерме тауар айналымының құрамында азық-түлік емес тауарлар мен өнеркәсіптік мақсаттағы тауарлар (79%) басым", - деп толықтырды бюродағылар.
Осы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша көтерме саудада сауда кәсіпорындарының тауарлық-материалдық қорларының көлемі 1 941,2 миллиапд теңгеге жетті, сауда күндері – 42 күн. Статистика мамандары көтерме сауда көлемі тез өсе бастағанын мәлімдеді: мысалы, 2023 жылдың 1 наурызында тауарлық-материалдық қорлар 1 537,1 миллиард теңгені құрады, бұл 40 күндік саудаға жетеді.
Қаңтар-ақпан айларында республикадағы көтерме сауданың жалпы көлемінде Алматы (39,2%), Атырау облысы (17,9%), Астана (16,9%) және Қарағанды облысы (4,9%) көш бастап тұр.
Жаңалықтар
0