Қарағанды қаласында 1 млрд теңгенің тендері тоқтатылды

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Караганда
Виды города Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Прокуратура Қарағанды қаласындағы ауданда 1 млрд теңгенің тендері тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі мерекелік безендіру бойынша 985 156 250 теңгенің конкурсын жариялады. Ал келісімшартты үш жылға жасауды жоспарлаған. Ондай мерзімге шарт жасасу үшін бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сай болу керек. Бірақ ереженің толық тізбесі орындалған жоқ.
"Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген", - дейді прокурорлар.
Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі жариялаған конкурстың күші жойылды. Оның мерзімін 1 жылға қысқартты. Енді, басқа кәсіпкерлер де мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.
Жаңалықтар
0