Путин Кремльде ЕЭК алқасының басшысы Сағынтаевпен кездесті

© Photo : Пресс-служба президента РоссииВладимир Путин провёл в Кремле встречу с Председателем Коллегии Евразийской экономической комиссии Бакытжаном Сагинтаевым
Владимир Путин провёл в Кремле встречу с Председателем Коллегии Евразийской экономической комиссии Бакытжаном Сагинтаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2024
Жазылу
Бақытжан Сағынтаев Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Владимир Путин Кремльде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп хабарлайды kremlin.ru.
Ресей басшысы ЕЭК Алқасының басшысын қызметіне кірісуімен құттықтап, оның Қазақстан үкіметіндегі жоғары лауазымдардағы және Еуразиялық экономикалық комиссиядағы орасан зор тәжірибесін атап өтті.
"Сіз мерейтойлық іс-шараға дайындықты қазірдің өзінде бастап кеттіңіз, біз оны 8 мамырға жоспарладық. Менің ойымша, сіз барлық мемлекет басшыларымен жұмыс істедіңіз, осы қызметіңізде сіз өзіңізді басқа қырынан таныттыңыз", - деп атап өтті Владимир Путин.
Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
"Сайлау қорытындылары сіздің саясатыңызды халықтың қолдайтынын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағытын дұрыс таңдағаныңызды атап өтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті ЕЭК басшысы.
Жаңалықтар
0