Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Sony World Photography Awards 2024 байқауының жеңімпаздары анықталды - фото

Жазылу
Беделді Sony World Photography Awards 2024 байқауының Open Competition номинациясының жеңімпаздары мен финалистері жарияланды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды фотографтардың тамаша жұмысын Sputnik суреттер топтамасынан көріңіз.
Байқауға қатысқан фотографтар оңтайлы ракурс арқасында кішкентай китті тамақтандыру, ягуардың таңғы асына айналған қолтырауын, пілдердің өз баласына деген ата-аналық қамқорлығы секілді әсерлі сәттерді суретке түсіріп, қоршаған әлем мен жабайы табиғаттың сұлулығын жеткізді.
Дүниежүзілік фотография ұйымы беделді Sony World Photography Awards 2024 сыйлығының 10 номинация бойынша жеңімпаздарын жариялады.
Биыл байқауға қатысушылар әлемнің әртүрлі елдерінен 395 мыңнан астам жұмысын жіберді.
© Photo : Ian Ford/2024 Sony World Photography Awards

Ұлыбритания фотографы Ян Форд "Жабайы табиғат" категориясы бойынша бірінші орынды иеленді. Ол Оңтүстік Африкадағы Сан-Лоуренсе өзенінің жағалауында қолтырауынды суретке түсіріп алған.

Автор суретін "Қытырлақ қолтырауын" деп атады.

Ұлыбритания фотографы Ян Форд "Жабайы табиғат" категориясы бойынша бірінші орынды иеленді. Ол Оңтүстік Африкадағы Сан-Лоуренсе өзенінің жағалауында қолтырауынды суретке түсіріп алған. Автор суретін "Қытырлақ қолтырауын" деп атады. - Sputnik Қазақстан
1/15

Ұлыбритания фотографы Ян Форд "Жабайы табиғат" категориясы бойынша бірінші орынды иеленді. Ол Оңтүстік Африкадағы Сан-Лоуренсе өзенінің жағалауында қолтырауынды суретке түсіріп алған.

Автор суретін "Қытырлақ қолтырауын" деп атады.

© Photo : Samuel Andersen/2024 Sony World Photography Awards

Норвегия фотографы Сэмюэль Андерсен түсірген "Балшық пен жылдамдық" атты сурет.

Шабандоз Норвегияның ұлттық чемпионатында Хафьель велосипед паркінде жолдың балшығын басып өткен сәт.

Норвегия фотографы Сэмюэль Андерсен түсірген "Балшық пен жылдамдық" атты сурет. Шабандоз Норвегияның ұлттық чемпионатында Хафьель велосипед паркінде жолдың балшығын басып өткен сәт. - Sputnik Қазақстан
2/15

Норвегия фотографы Сэмюэль Андерсен түсірген "Балшық пен жылдамдық" атты сурет.

Шабандоз Норвегияның ұлттық чемпионатында Хафьель велосипед паркінде жолдың балшығын басып өткен сәт.

© Photo : Pedro Jarque Krebs/2024 Sony World Photography Awards

"Айқай" атты сурет, авторы: Педро Харке Кребс, Перу.

"Айқай" атты сурет, авторы: Педро Харке Кребс, Перу. - Sputnik Қазақстан
3/15

"Айқай" атты сурет, авторы: Педро Харке Кребс, Перу.

© Photo : Yan Li/2024 Sony World Photography Awards

Ян Ли түсірген "Тыныштық пен апат арасында" атты сурет.

Перу мен Боливия арасында Титикака көліндегі қалқымалы ауыл және жақындап келе жатқан орман өрті бейнеленген.

Ян Ли түсірген "Тыныштық пен апат арасында" атты сурет. Перу мен Боливия арасында Титикака көліндегі қалқымалы ауыл және жақындап келе жатқан орман өрті бейнеленген. - Sputnik Қазақстан
4/15

Ян Ли түсірген "Тыныштық пен апат арасында" атты сурет.

Перу мен Боливия арасында Титикака көліндегі қалқымалы ауыл және жақындап келе жатқан орман өрті бейнеленген.

© Photo : ChenYu Hsieh/2024 Sony World Photography Awards

Тайвань фотографы Ченю Се түсірген "Қасиетті фестиваль энергиясы" атты сурет.

Сайдай-дзи Эйо фестивалі кезінде ер адамдар сумен тазару рәсімін орындап, бұл уақытты көңілді өткізіп жатыр.

Тайвань фотографы Ченю Се түсірген "Қасиетті фестиваль энергиясы" атты сурет. Сайдай-дзи Эйо фестивалі кезінде ер адамдар сумен тазару рәсімін орындап, бұл уақытты көңілді өткізіп жатыр. - Sputnik Қазақстан
5/15

Тайвань фотографы Ченю Се түсірген "Қасиетті фестиваль энергиясы" атты сурет.

Сайдай-дзи Эйо фестивалі кезінде ер адамдар сумен тазару рәсімін орындап, бұл уақытты көңілді өткізіп жатыр.

© Photo : Liam Man/2024 Sony World Photography Awards

Лиам Ман түсірген "Сторр үстіндегі ай сәулесі" атты сурет.

Ай көкжиектен көтерілгенде Шотландиядадағы Сторр айналасы жарықтана түседі. Бұл таңғажайып жартас түзілімі дрондарға бекітілген қуатты прожекторлармен жарықтандырылып тұр.

Лиам Ман түсірген "Сторр үстіндегі ай сәулесі" атты сурет. Ай көкжиектен көтерілгенде Шотландиядадағы Сторр айналасы жарықтана түседі. Бұл таңғажайып жартас түзілімі дрондарға бекітілген қуатты прожекторлармен жарықтандырылып тұр. - Sputnik Қазақстан
6/15

Лиам Ман түсірген "Сторр үстіндегі ай сәулесі" атты сурет.

Ай көкжиектен көтерілгенде Шотландиядадағы Сторр айналасы жарықтана түседі. Бұл таңғажайып жартас түзілімі дрондарға бекітілген қуатты прожекторлармен жарықтандырылып тұр.

© Photo : Jesus Frias/2024 Sony World Photography Awards

Екі піл бейнеленген суреттің авторы - Хесус Фриас.

Кадрда ана піл қызына мейірімін төгіп тұр.

Екі піл бейнеленген суреттің авторы - Хесус Фриас.Кадрда ана піл қызына мейірімін төгіп тұр. - Sputnik Қазақстан
7/15

Екі піл бейнеленген суреттің авторы - Хесус Фриас.

Кадрда ана піл қызына мейірімін төгіп тұр.

© Photo : Callie Eh/2024 Sony World Photography Awards

Малайзия фотографы Калли Хей түсірген "Қол" атты сурет.

Суретте күйеу жігіт Непалдың Бхактапур қаласындағы үйлену тойының салтанатты шеруіне бара жатқанда қол бұлғап тұр.

Малайзия фотографы Калли Хей түсірген "Қол" атты сурет. Суретте күйеу жігіт Непалдың Бхактапур қаласындағы үйлену тойының салтанатты шеруіне бара жатқанда қол бұлғап тұр. - Sputnik Қазақстан
8/15

Малайзия фотографы Калли Хей түсірген "Қол" атты сурет.

Суретте күйеу жігіт Непалдың Бхактапур қаласындағы үйлену тойының салтанатты шеруіне бара жатқанда қол бұлғап тұр.

© Photo : Thien Nguyen Ngoc/2024 Sony World Photography Awards

"Ана махаббаты!". Авторы: Тьен Нгуен Нгок, Вьетнам.

Суретте: Үнді мұхитында киттің өз баласын тамақтандырып жатқан сәті.

"Ана махаббаты!". Авторы: Тьен Нгуен Нгок, Вьетнам.Суретте: Үнді мұхитында киттің өз баласын тамақтандырып жатқан сәті. - Sputnik Қазақстан
9/15

"Ана махаббаты!". Авторы: Тьен Нгуен Нгок, Вьетнам.

Суретте: Үнді мұхитында киттің өз баласын тамақтандырып жатқан сәті.

© Photo : Michelle Sank/2024 Sony World Photography Awards

Автор Мишель Санк түсірген "Зенанда, Синаве, Зинати және Буле Си-Пойнт павильонында" атты сурет, Кейптаун.

Автор Мишель Санк түсірген "Зенанда, Синаве, Зинати және Буле Си-Пойнт павильонында" атты сурет, Кейптаун. - Sputnik Қазақстан
10/15

Автор Мишель Санк түсірген "Зенанда, Синаве, Зинати және Буле Си-Пойнт павильонында" атты сурет, Кейптаун.

© Photo : Rob Blanken/2024 Sony World Photography Awards

Нидерланды фотографы Роб Бланкеннің атауы жоқ суретте 5 есе үлкейтілген амин қышқылдарының кристалдары (В-аланин, L-глутамин және глицин) поляризациялық фильтрлердің көмегімен суретке түсірілген.

Нидерланды фотографы Роб Бланкеннің атауы жоқ суретте 5 есе үлкейтілген амин қышқылдарының кристалдары (В-аланин, L-глутамин және глицин) поляризациялық фильтрлердің көмегімен суретке түсірілген. - Sputnik Қазақстан
11/15

Нидерланды фотографы Роб Бланкеннің атауы жоқ суретте 5 есе үлкейтілген амин қышқылдарының кристалдары (В-аланин, L-глутамин және глицин) поляризациялық фильтрлердің көмегімен суретке түсірілген.

© Photo : Alvin Kamau/2024 Sony World Photography Awards

Фотограф Элвин Камау және оның "Көлге барайық" атты суреті.

Бұл редакциялық фотосессияны жасауға жоғары сән мәдениетінен шабыт берген. Сурет Кенияның Найроби қаласындағы студияда түсірілген.

Фотограф Элвин Камау және оның "Көлге барайық" атты суреті. Бұл редакциялық фотосессияны жасауға жоғары сән мәдениетінен шабыт берген. Сурет Кенияның Найроби қаласындағы студияда түсірілген. - Sputnik Қазақстан
12/15

Фотограф Элвин Камау және оның "Көлге барайық" атты суреті.

Бұл редакциялық фотосессияны жасауға жоғары сән мәдениетінен шабыт берген. Сурет Кенияның Найроби қаласындағы студияда түсірілген.

© Photo : Ana Skobe/2024 Sony World Photography Awards

Фотограф Ана Скобе және оның "Уақыттан тыс" атты суреті (Словения).

Суретте көгілдір аспанмен тұтасып тұрған маяк, түпсіз терең мұхит және ой үстіндегі ер адам бейнеленген.

Фотограф Ана Скобе және оның "Уақыттан тыс" атты суреті (Словения). Суретте көгілдір аспанмен тұтасып тұрған маяк, түпсіз терең мұхит және ой үстіндегі ер адам бейнеленген. - Sputnik Қазақстан
13/15

Фотограф Ана Скобе және оның "Уақыттан тыс" атты суреті (Словения).

Суретте көгілдір аспанмен тұтасып тұрған маяк, түпсіз терең мұхит және ой үстіндегі ер адам бейнеленген.

© Photo : Seyed Ali Hosseini Far/2024 Sony World Photography Awards

Фотограф Сейед Али Хоссейни Фар түсірген "Зейнаб және оның кәрі төбеті" атты сурет.

"Зейнаб - Иранның Азад Манжир ауылында тұратын алты жастағы ақкөңіл қыз. Оның Пашмалу есімді кәрі әрі мейірімді төбеті бар. Ол бұл кәрі шопан итті қатты жақсы көреді және оған адамдармен қол алысуды үйретті", - дейді фотограф.

Фотограф Сейед Али Хоссейни Фар түсірген "Зейнаб және оның кәрі төбеті" атты сурет. "Зейнаб - Иранның Азад Манжир ауылында тұратын алты жастағы ақкөңіл қыз. Оның Пашмалу есімді кәрі әрі мейірімді төбеті бар. Ол бұл кәрі шопан итті қатты жақсы көреді және оған адамдармен қол алысуды үйретті", - дейді фотограф. - Sputnik Қазақстан
14/15

Фотограф Сейед Али Хоссейни Фар түсірген "Зейнаб және оның кәрі төбеті" атты сурет.

"Зейнаб - Иранның Азад Манжир ауылында тұратын алты жастағы ақкөңіл қыз. Оның Пашмалу есімді кәрі әрі мейірімді төбеті бар. Ол бұл кәрі шопан итті қатты жақсы көреді және оған адамдармен қол алысуды үйретті", - дейді фотограф.

© Photo : F.Dilek Yurdakul/2024 Sony World Photography Awards

Ф.Дилек Юрдакул түсірген "Бұлттар арасындағы жүйріктер" атты сурет.

Шаңды аспанға көтеріп шауып бара жатқан жылқылар дронмен түсірілген.

Ф.Дилек Юрдакул түсірген "Бұлттар арасындағы жүйріктер" атты сурет.Шаңды аспанға көтеріп шауып бара жатқан жылқылар дронмен түсірілген. - Sputnik Қазақстан
15/15

Ф.Дилек Юрдакул түсірген "Бұлттар арасындағы жүйріктер" атты сурет.

Шаңды аспанға көтеріп шауып бара жатқан жылқылар дронмен түсірілген.

Жаңалықтар
0