Қазақстан әлем бойынша ең бақытты 50 елдің қатарына енді

© Photo Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2024
Жазылу
Қазақстан халқы қытайлықтарға қарағанда бақытты болып шықты
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан ең бақытты 50 елдің қатарына енді. Бұл туралы БҰҰ және Gallup халықаралық зерттеу компаниясы жазды.
Ғалымдар мемлекеттердің өмір сүру сапасын талдаған. Халықтың жай-күйі, психологиясы, экономика мен әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығы, өзін еркін сезіну, тіпті жемқорлық факторларына дейін зерттелген.
Сонымен әлемдегі ең бақытты ел қатарында Финляндия, Дания, Исландия, және Швеция мен Израиль енген. Бақытты елдер ондығында Австралия да бар. Ал азуын айға білеген АҚШ 23-орында, Ұлыбритания 20-орынға табан тіресе, Қытай 60-шы орынға шықты.
Қазақстан халқы қытайлықтарға қарағанда бақытты болып шықты. Ол 6,188 индексімен 49-орынға ие болды. Тіпті Жапониядан да асып түскен.
Өйткені Жапон мемлекеті бақыт жағынан 51-орынға тұрақтапты.
Айта кетейік, ең бақытты мемлекеттер тізімінің ең соңында Ауғанстан тұр.
Жаңалықтар
0