Душанбеден Астанаға жаңа рейс ашылады

© Photo : пресс-служба Международного аэропорта АстаныАстана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2024
Жазылу
Душанбеден Қазақстанның елордасы Астанаға алғашқы рейс 2 сәуірге жоспарланған
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Тәжікстан арасында енді Душанбе-Астана жаңа рейсі ұшады, деп хабарлады РИА Новостиге "Сомон Эйр" жеке әуе компаниясының баспасөз хатшысы Тимур Бандишоев.
"Тәжікстан мен Қазақстанды тұрақты жаңа Душанбе-Астана рейсі байланыстырады. Қазақстанның бас қаласы Астанаға алғашқы рейс 2 сәуірге жоспарланған. Бұған дейін "Сомон Эйр" Алматыға тұрақты рейстерді орындаған", - деді ол.
Оның айтуынша, рейстер аптасына бір рет – сейсенбі күндері орындалады, ал 19 сәуірден бастап Астанаға ұшу жиілігі аптасына екі рейске – сейсенбі және жұма күндеріне дейін ұлғайтылады.
Барлық рейс Боинг 737-800 және Боинг 737-900 ұшақтарында орындалады.
Бұған дейін Қазақстан мен Корея жүк рейсін есепке алмағанда, аптасына рейс санын 42-ге дейін арттыратыны хабарланды.
"Сонымен қатар аптасына 40 жүк рейсін орындау, оның ішінде "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді", - деп хабарлады Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.
Ведомствода хабарлағандай, келіссөз бағыттар мен белгіленген тасымалдаушылар санына шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді, бұл бәсекелестікті арттырады және елдер арасындағы рейстер географиясын кеңейтеді.
Жаңалықтар
0