Астанадағы тазару акциясына 35 мың адам шықты – видео

© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайтыАстанадағы тазару акциясына 35 мың адам шықты
Астанадағы тазару акциясына 35 мың адам шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Астанада жалпыұлттық "Тазару" акциясы өтті. Оған 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер мен аудан белсенділері қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акцияға қатысушылар өз аулалары мен кіреберістерін тазартты. Ал мердігер ұйымдар шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен мүсіндік құрылыстарды, қоқыс алаңдары мен контейнерлерді жуып шықты. Бұдан бөлек, барлық бес ауданда аялдама кешендері, тротуарлар, қоршаулар, жарықтандыру тіректері жуылды. Акция аясында арықтар қардан және қоқыстан тазартылды.
Жалпы, қала бойынша 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналды. Ал тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.
Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Полигонға барлығы 60 мың тонна қалдық шығарылды.
Айта кетері, биыл Наурыз 10 күн бойы аталып өтіп жатыр. 23 наурыз тазарту және жаңару күні деп белгіленді.
Жаңалықтар
0