Астанада Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының көрмесі өтеді

© Photo : Пресс-служба казахстанского филиала МГУВ казахстанском филиале МГУ выпускникам вручили дипломы
В казахстанском филиале МГУ выпускникам вручили дипломы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2024
Жазылу
Қазақстаннан келген талапкерлер ЖОО-ға қалай түсуге болатынын, оқуға стипендия алу тәсілдері және шетелдік студенттерге арналған қолданыстағы дайындық бағдарламалары туралы біле алады.
АСТАНА, 25 наурыз - Sputnik. Астанада 30-31 наурызда Орыс үйінде алтыншы рет ұйымдастырылып отырған "Ресейде оқы!" көрме-тұсаукесер өтеді, деп хабарлады Қазақстандағы Ресей елшілігі.
Көрмеде Ресейдің үздік университеттеріне грантқа қалай түсу керектігі айтылады.
"Санкт-Петербургтен Иркутскіге дейінгі 50-ден астам ресейлік жоғары оқу орындарының өкілдері дайындық бағыттары, қабылдау ережелері мен ерекшеліктері туралы айтады. Сондай-ақ Ресей Үкіметінің квотасы бойынша оқуға стипендия алу тәсілдері және Қазақстаннан келген талапкерлерге қолданыстағы дайындық бағдарламалары туралы айтуға дайын", - деп хабарлайды Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі.
Көрмеден Ресей университеттеріне түсудің балама нұсқалары туралы да білуге болады, дейді дипломатиялық өкілдік.
Көрме-тұсаукесер 30-31 наурызда Астанадағы Орыс үйінде Кенесары көшесі, 39 мекенжайы бойынша өтеді.
Көрменің жұмыс уақыты:
30 наурыз сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін
31 наурыз сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.
Көрмеге қатысатын университеттер туралы қосымша ақпаратты znanie.info/kz. сайтынан білуге болады.
Жаңалықтар
0